Қардан мүсін тұрғызды

20.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сарыкөл ауданының Тағыл ауылындағы бұл үйдің ауласынан әр қыс сайын әртүрлі жан-жануардың мүсіндерін көруге болады. Мысалы, өткен жылы қыстай тұрған қарагер аттың орнын биыл биіктігі екі жарым метр болатын ақбоз ат басқан. Ал ақ аюдың орнында ала панда тұр.

Ауыл балаларының көз­айымына ай­налған ғажайып мүсіндердің авторы – жер­гілікті шарушылықтың темір жонушысы Серік Қошқарбаев деген азамат.

Серік алдымен металдан мүсіннің қаңқасын жасап алады. Одан кейін дайын қаңқаның ішіне қар толтырып, артығын жонып, сыртын сылап шығады.

«Бала кезімде пластилиннен бүркіт, қаз, үйрек тәрізді неше түрлі құстардың мүсіншелерін жасауды жақсы көретінмін. Содан қалған әдет қой. 2021 жылы аудан орталығындағы алаңға жыл­қының, қыран бүркіт ұстаған аңшының, мультфильм кейіпкерлерінің мүсінін жасап бердім. Ол кезде ешбір сызбасыз мүсін жасай беретінмін. Қазір ғаламтордан кез келген жануардың сызбасын тауып алуға болады. Кейінгі жылдары үйдің ауласына мүсін жасап қоятын болдым. Ауыл балалары келіп тамашалап, суретке түсіп кетеді. Биыл корсикалық иттің мүсінін жасадым. Жұрттың көбі шын ит екен деп ойлап қалады. Өткенде осы мүсінді көрген бір танысым қорыққанынан жалма-жан көлігіне қайта кіріп кетті», дейді Серік.

Қар мүсінге жарататын шикізат әзірлеу әдісі де қызық. Шебер аяқ ізі түспеген ақ қардың бетін аршып ұлпасын үлкен астауға үйеді де, үстінен жабысқақ күйге жеткенше аздап су қосады.

«Біріншіден, мұндай қар­мен жасалған фигура өте мықты келеді, көпке дейін тұрады. Екіншіден, қар саз сияқты жабысқақ болғандықтан, бірден үсті-үстіне жабыстырып мүсін жасай беруге болады. Тек кейбір кедір-бұдыр тұстарын балтамен жонып отырамын. Қардан мүсін жасауға ауа райы да қолайлы болу керек. Мен әдетте 15–20 градус аязда жұмысқа кірісемін. Бұдан жылы болса, мүсін еріп, құлай береді. Ал қатты аязда жарылып кетеді. Ауладағы жұмысым негізгі жұмысымнан кейін, кешке жақын басталады. Кейде ай жарықта түн жарымға дейін созылып кетеді. Бұл уақытта күн суытып, аяз күшейе түседі. Алайда мұндайда аязды ұмытып кетесің. Ойыңдағы дүниенің әрбір бөлшегі көз алдыңда туып, мүсіннің сұлбасы сәт сайын айқындала түскен сайын арқаң терге малшынып, жұмыстың қызығына беріле түсесің», дейді қолөнер шебері.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Энеолит дәуірінен жеткен қазына

Жәдігер • Бүгін, 07:50

Момышұлына қарап сап түзеген

Музей • Бүгін, 07:45

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді

Олимпиада • Бүгін, 03:05

Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады

Президент • Бүгін, 02:35

Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады

Президент • Бүгін, 02:15

АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі

Президент • Бүгін, 01:56

Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады

Президент • Бүгін, 01:45

Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Мемлекет басшысы: Қазақстан Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

Президент • Кеше

Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Президент • Кеше

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью