Қарғаның есте сақтау қабілеті бар

20.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ғалымдар қарғаның ойлау жүйесі кейбір маймылдардан да жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Ең қызығы – қарғалар адам жүзін есте сақтап қалады.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Егер бір адам қарғаларға зиян келтірсе немесе үркітсе, құс оны жылдар бойы ұмытпайды. Тіпті сол ақпаратты өз қа­уымындағы басқа қарғаларға таратады. Зерттеу барысында бір ғалым қауіпті мас­ка киіп құстарды үркіткен. Бірнеше жыл өткеннен кейін сол масканы тағы кигенде қарғалар бірден шулап, айналып, ескерту дабылын жасаған. Қызығы, керісінше де болады. Егер адам құсты тамақтандырса, жақсылық жасаса қарғалар оны да таниды. Кей аудандарда қарғалар таныс адамға ұсақ-түйек, жылтыр заттар әкеліп тастайтын жағдайлар да тіркелген. Бұл – алғыс білдірудің ерекше түрі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью