Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуы
Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуы
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Ерлан Қарин "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында өткен Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты. Аталған іс-шараны премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері де тамашалады.
"Сонымен қатар бұл күні Қазақстандағы Ресей киносының фестивалі басталды. Оның аясындағы көрсетілімдер 26 сәуірге дейін жалғасады. Ал Ұлттық музейде "Мәдени дәстүрлерді біріктіру және шығармашылықтағы заманауи тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Онда қос мемлекеттің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері мәдениеттің музей және архив ісінен бастап, театр және концерт ұйымдарының ынтымақтастығына дейінгі барлық бағыттағы бірлескен жаңа жобаларды талқылады.
© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуы
Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуы
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өткен болатын. Оның аясында Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан "Қазақстан өнерінің жауһарлары" көрмесі және қазақстандық кино күндері ұйымдастырылды. Сондай-ақ "Парасат майданы" спектаклі сахналанды. Мәдени бағдарлама Үлкен театр сахнасындағы қазақстандық өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Аталған іс-шара мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтіп, көрермендер тарапынан кең қолдау тапты.
Екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты арттыратын мұндай форматтар Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз достық қарым-қатынастардың айғағы ретінде мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.