Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жаңатаста отын тапшылығына байланысты көмек сұраған зейнеткер Гүлсім Тоққұлиеваның өтінішіне партия үн қатып, үйіне екі тонна көмір жеткізіп берді. Қабылдау бөлмесіне өз мәселесімен келген тағы бір азамат – 67 жастағы Құралбай Төлеуов. Ол 2005 жылы үй сатып алған. Алайда мүліктің бұрынғы қожайыны өзге елге көшерде құжаттардың толық топтамасын қалдырмаған. Соның салдарынан үйін тиісті түрде рәсімдеп, коммуникация жүргізе алмай қалған. Партия өкілдеріне жүгінгеннен кейін мәселе шешімін тауып, ақыры үйге газ тартылды.
Осындай оң жаңалықтар легі өңірде жетіп жатыр. Жуалы ауданында 96 жастағы тыл ардагері Клавдия Иванованың ауласындағы ескі қоршау жөнделді. Жамбыл ауданында белсенділер жалғыз тұратын зейнеткер Валентина Щевакованың үй ауласын ретке келтірді. Баспана аумағы қоқыстан тазартылып, ағаш қоршауы жаңартылды. Қордай ауданында 89 жастағы Евгения Бульбенконың үйіндегі шатыр жөнделді. Мойынқұм ауданында аурухананың бұрынғы санитар қызметшісі Бақыткүл Мақұлбекованың үй шаруасына көмек көрсетілді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылында 74 жастағы Сейітхан Жақыпбековке қолдау көрсетілді. Ол ұзақ жыл жұмысшы болып еңбек еткен. Алайда бүгінде жұбайы екеуі де мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Партия мүшелері олардың үйіне ауызсу тартып, ауласына жаңа шаруашылық нысанын салуға көмектесті. Шу ауданында партияның қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерден кейін 89 жастағы Келеке Рахимованың сарайындағы шатыр жаңартылды. Меркі ауылында Сарымолдаев көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындарының мәселесі шешіліп, аулаға жарық тартылды.
Мереке қарсаңында «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық және аудандық филиалдарының өкілдері қарттардың үйіне барып, атқарылған жұмыстың сапасын тексеріп, сыйлықтар табыстады.
Бекбол АМАНГЕЛДІ