Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында "Qarmet" акционерлік қоғамында әрекет еткен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып, кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласқан.
"Олар жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған. Кәсіпорынға шамамен 190 млн теңге залал келтірілген", - дейді полиция.
Заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды, олардың барлығы – Теміртау қаласының тұрғыны.
Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.