Қарттарға тұрғын үйлерден арнайы орын бөлу керек депутаттар

08.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаттары тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде қарттарға арнайы орын бөлуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлерде балалар алаңдары, спорт алаңдары және қоғамдық кеңістіктер бар.

"Ал қарттарға деген арнайы орын не кеңістік бұл жоспарға енгізілмей қалған. Осыған байланысты ЖСДП заңға жаңа норма енгізуді ұсынады. Онда көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде аға буын өкілдері қарттарға демалуға, бір бірімен әңгімелесіп қоғамдық өмірге белсенді қатысуына арналған жайлы орынның да қарастырылуы қажет", - деді депутат Арман Ақылбай.

Оның айтуынша, арнайы орынның ауданы әр пәтерге шаққанда 0,8 шаршы метр болып белгіленуі керек.

"Бұл орын-жай коммерциялық мақсатта пайдалануға жатпауы тиіс. Және кейін сатылып немесе басқа мақсатқа пайдаланылмауы керек. Ең бастысы оның қоғамдық мақсаттағы алғашқы мәртебесі тұрақты сақталуы қажет. Болашақта бұл кеңістік медициналық және әлеуметтік қызмет мамандары да қабылдау жүргізе алуына қолайлы болуы тиіс", - деді Ақылбай.

ЖСДП депутаттары үкіметке ұзақ мерзімді күтімнің бірыңғай жүйесін құру жөніндегі нақты ведомствоаралық жоба әзірлеуді де ұсынды.

"Біз адам қартайған кезде мемлекет пен қоғам көзінен тасада қалып қоймау керектігін алға тартамыз. Кез келген қарт, өз еліміздің толыққанды азаматы. Оған жағдай жасау мемлекеттің міндеті",- дейді олар.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью