Қарттарға жан жақты қамқорлық

14.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ертіс-Баян өңірінде 500-ге жуық қария қарт­тар үйін паналап отыр. Мемле­кеттік арнаулы әлеу­меттік қызметтер көр­сету жөніндегі 2 орта­лық, күтімге мұқтаж егде жастағы адамдарға арнал­ған 5 жекеменшік пан­сионат жұмыс істейді.

Суреті түсірген – автор

Өңірлік жұмыспен қам­туды үйлес­тіру және әлеу­меттік бағ­дарламалар бас­қар­масының дере­гінше, қарт­тар мен мүге­дек­тігі бар адам­дарға арналған стационар жағ­дайындағы мем­лекеттік орталық саны – екеу. Олар – «Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүге­дектігі бар адамдарға арнал­­ған арнаулы әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығы» КММ (268 төсектік орын) мен «Қарт­тар мен мүгедектігі бар адамдар­ға арналған жал­пы үлгідегі Ақсу арнау­лы әлеу­меттік қыз­мет­тер көрсету орта­лығы» КММ (241).

«Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнау­лы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын 497 адам паналап отыр. Олардың 323-і ер, өзгесі әйел адамдар. Павлодар қаласында орналасқан қарттар үйіне 4 адам кезекте тұр. Ақсу­дағы мекемеде керісінше 12 орын бос тұр. Сол тұрғыда өңірде қарттар үйлеріне тап­шылық байқалмайды», дейді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рахымова.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде былтырдан бастап елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында арнайы әлеуметтік қызмет­тер көрсететін субъектілерді лицензиялау, жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу сияқты елеулі өзгерістер енгізілген. Әлеуметтік кодекс­ке сәйкес, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бо­йынша мемлекеттік және мем­лекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар.

«Павлодар облысында бү­гінде стационар жағ­дайын­да арнаулы әлеу­меттік қызмет­тер көрсететін лицензиялан­ған жеке субъек­тілер жоқ. Бірақ аумағы­мыз­да тұрақты күтімге мұқтаж егде жастағы адамдарға тұр­мыстық күтім көр­сету жө­ніндегі қызметті жү­зеге асыратын 5 жекемен­­шік пансионат жұмыс істейді. Бұл ұйымдардың қызметі халық­ты әлеуметтік қорғау жүйесін реттеу, ведомстволық бақылау саласынан тыс орналасқан. Себебі ондағы күтіліп жат­қан қариялардың еңбекке қабі­летті балалары бар. Сондай-ақ аталған пансионаттардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиясы жоқ, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынбайтындықтан, әлеуметтік қызметтерді жет­кізушілер тізіліміне енгізіл­меген. Соған орай оларға бюджеттен қаржы бөлінбей­ді», деп қосты басқарма өкілі.

Бұдан бөлек, аймақта үйде күтім жасау жағдайындағы қыз­метті 18 ұйым, оның ішінде 13 мемлекеттік, 5 мемлекеттік емес субъекті жүзеге асырып отыр.

Былтыр прокурорлар Ақсу қаласындағы пансионат­та қарт адамдарды сырт киімсіз далада ұстап, азаптау деректерін анық­таған еді. Жұмыспен қам­­туды үйлестіру және әлеу­­меттік бағдарламалар бас­қар­ма­сы­ның ақпарынша, қазір аталған орталық жұ­мыс істе­мейді. Сот кінәлі тұлға­ларды анықтап, қылмыстық жауап­кершілікке тартқан.

Атап өтерлігі, биыл қарт­тар үйлеріне бюджеттен 1 млрд 667,2 млн теңге бөлінген.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью