Қару ұстау кезінде жарақат алған: Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды

28.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

"ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралмақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью