Қару жарақ пен ақша: шекарада қылмыстық топ ұсталды

22.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитетіТүркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Топ мүшелері шекарадан өткен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізіп береміз деп заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған.

Қазіргі кезде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитетіТүркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитетіТүркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК арнайы операцияны полициямен бірлесіп өткізген. Ал прокуратура үйлестіру шараларына жауап берген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью