Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Биыл сәуірде ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және188 оқ-дәрі тәркіленді.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Бүгін, 10:12