Қарулы Күштерде Әскери барлаушы күні аталып өтіп жатыр

05.11.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанның әскери барлау тарихы 1992 жылғы 5 қарашадан басталады. Дәл осы күні Қарулы Күштер құрамында алғашқы барлау бөлімшесі құрылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әскери барлау ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Оған жүктелген міндеттердің тиімді орындалуы барлау ақпараттарын уақытылы жинау мен талдауға, қалыптасқан жағдайға нақты баға беруге және ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға тікелей байланысты.
Әскери барлаушы қызметі жоғары кәсіби даярлықты, сараптамалық ойлау қабілетін, сабырлылық пен тәуекелі жоғары жағдайларда әрекет етуге дайын болуды талап етеді.
Отанға адал қызмет ету мен әскери борышқа беріктік – барлаушының басты қағидаты. Ал кәсібилік пен жауапкершілік оның қызметінің негізі болып саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью