Қарулы күштерде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан поэзиялық челлендж басталды

04.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Министрлік мәлім еткендей, аталған поэзиялық челлендждің басты мақсаты — Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын әскери ортада кеңінен насихаттау, әскери қызметшілер арасында ұлттық әдебиетке деген құрметті нығайту. Сондай-ақ, патриоттық тақырыптағы өлеңдер арқылы Отанға адал қызмет етудің биік рухын дәріптеу көзделген.

— 4-9 ақпан аралығына жоспарланған поэзиялық челленджге Қазақстан Қарулы күштерінің барлық әскери қызметшілері мен сарбаздары қатыса алады. Қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, бейнежазба форматында жариялап, эстафетаны келесі әскери бөлімге жолдайды. Поэзиялық челлендж әскери ұжымдар арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, жеке құрамның бірлігін арттыруға оң ықпал етеді. Мұндай рухани іс-шаралар әскери қызметшілердің бойында азаматтық ұстанымды қалыптастырып, ұлттық рухты көтеруге септігін тигізеді, — деп атап өтті ведомство.

Аталған акцияны Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңімен бастаған Қорғаныс министрлігі Медиа-контент орталығы Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы лейтенант Нұржанат Мұхамет эстафетаны Әскери-теңіз күштеріне жолдады.

Мұқағали Мақатаевтың шығармалары отансүйгіштік пен адамгершіліктің, ерлік пен елдік рухтың айқын көрінісі екенін айта кету керек. Ақын поэзиясы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақты туған жерді қадірлеуге, елге адал қызмет етуге үндейді.

Бұл бастама Қарулы күштерде рухани-мәдени құндылықтарды дамытуға, жас әскери қызметшілердің әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Осыдан бұрын Алматыда ақын Мұқағали Мақатаев пен сазгер Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өткенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью