24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Цифрландыру, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен әскерді басқару жүйелерін жетілірду. Қазір қазақ армиясының алдында осындай мақсат тұр. Астанада Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 2025 жылғы қызметі қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Басты назарда басқару сапасы, қару-жарақтың жағдайы және адами капитал. Министр: «Барлық деңгейдегі командирлер оқу-жаттығулар, атыстар, ұшулар және теңізге шығулар кезінде бастамашылдық пен жауапкершілік танытуға тиіс», - деді. Ал 2026 жылға арналған міндеттердің қатарында қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қатысуын кеңейту, байланыс, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз авиациялық кешендерді дамыту бар.