Қарым қатынасты кеңейтуге мүдделі

20.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мәулен Әшімбаев Маршалдың сапары Қазақстан мен Польша екіжақты қарым-қатынасты кеңей­туге мүдделі екенін көрсе­тетінін атап өтті. Сондай-ақ Сенат төрағасы өзара байланысты парламент­аралық деңгейде және халықаралық ұйымдар аясында арттырудың маңызды екеніне тоқталды.

«Польша – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серік­тес­терінің бірі. Біздің елдері­міздің қарым-қатынасы өзара сенім мен сындарлы ынтымақтастыққа табан тірейді. Саяси диалог жолға қойылып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс дәйекті түрде дамып келеді. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та кеңеюде. Жоғары деңгейдегі, яғни мемлекет басшыларының кездесу­лері мен сыртқы саяси ведомство­лар арасындағы байланыс тұрақты түрде жалғасып келеді. Екі ел Парла­менттері арасындағы қарым-қатынас та қарқынды дамып жатыр», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталды. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасы­мен қолға алынған ауқымды жаң­ғыр­тулардың жүйелі жалғасы санал­ған конституциялық рефор­маның маңызды міндеттеріне баса мән берді. М.Әшімбаев аталған бағыт әділет­тілік, заң үстемдігі мен би­ліктің қоғам алдындағы жауап­кер­шілігі қағи­даттарына негіздел­генін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 15 наурызда жаңа Конституция қабылдау жөнінде республикалық референдум өтті. Конституциялық реформаның негізгі мәні – мемлекеттілікті, тәуелсіздік пен егемендікті нығайту. Бұл қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында айрықша маңызға ие. Реформа аясында азаматтардың әл-ауқатын арттыру, адам капиталын нығайту, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау сияқты еліміздің ұзақмерзімді дамуының негізгі басымдықтары нақты айқындалды. Алғаш рет Ата заңның құрылымы адам­ды және оның жан-жақты дамуын басты құндылық ретінде белгілеп, қалып­тастырылды», деді М.Әшімбаев.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тастықты кеңейтуді көздейтін бірлес­кен жобаларды іске асыру мәселелері де талқыланды.

Өз кезегінде Малгожата Кидава-Блоньская қонақжайлық пен мазмұнды кездесу үшін Мәулен Әшімбаевқа ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы байланыс­тарды одан әрі нығайтуға және пар­ламентаралық ынтымақ­тастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетсек, Польша Сенаты Маршалының сапары аясында жоғары деңгейдегі кездесулер, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесу мен поляктардың Қазақстанға депортацияланғанына 90 жыл толуына арналған еске алу іс-шара­ларына қатысу жоспарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью