Қарызды нотариус арқылы өндіріп алу тәртібін өзгерту ұсынылды

21.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Республикалық нотариаттық палата атқарушылық жазбаны шығару тәртібін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Палата төрағасы Олег Полумордвиновтың айтуынша, қазір кредитор нотариусқа барлық құжатты тапсырғаннан кейін атқарушылық жазба бірден жасалады. Бір күн ішінде қарыз алушыға хабар жіберіледі.

"10 күннің ішінде қарыз алушының атқарушылық жазбаға қарсылық білдіруге құқығы бар. Нотариус дәлелдер болған жағдайда жазбаның күшін жоя алады. Бүгінде атқарушылық жазбалардың үштен бірі тоқтатылады", – деді Олег Полумордвинов мәжілістің бүгінгі отырысында.

Палата өкілдері атқарушылық жазбаны жасау тәртібін жетілдіруді ұсынып отыр.

"Атап айтқанда, қарыз алушыға кредитордың өтініші туралы алдын ала хабар жіберу ұсынылады. Сонымен қатар нотариус қарызды растайтын құжаттарды да жолдайды. Мұндай жағдайда атқарушылық жазба бірден жасалмайды. Осылайша, қарыз алған адамға кредитормен мәселені алдын ала шешуге немесе негізді қарсылық білдіруге мүмкіндік беріледі. Тек келісімге келмеген жағдайда атқарушылық жазба рәсімделеді. Мұндай тәжірибе Моңғолия мен Хорватияда бар және тиімділігі дәлелденген",-деп атап өтті Полумордвинов.

Айта кетері, нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде азаматтардың есепшоттары бұғатталып, шетелге шығуына шектеу қойылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью