Қарызды заңды түрде қалай есептен шығаруға болады

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Маманның айтуынша, оған соңғы уақытта «қарызды заңды түрде қалай жабуға немесе есептен шығаруға болады?» деген сұрақпен келетіндер қарасы көбейген. Оған нақты жауап беру үшін алдымен қарыздың түрін, оның қашан пайда болғанын, қай уақытта қайтарылуы тиіс екенін және мерзімінің өтіп-өтпегенін анықтап алу қажет.

- Банкроттық - қарыздан заңды түрде құтылудың бір жолы. Қазақстан заңына сәйкес, бұл - адамның қарыздарын төлеуге қабілетсіз екенін мемлекет ресми түрде танитын рәсім. Банкроттықтан өткен адамға кредиторлар қысым жасай алмайды, коллекторлар да мазаламайды. Уақыт өте келе оның несие тарихы да қайта қалпына келеді, - дейді Ольга Гаврик.

Адвокаттың айтуынша, қарыздан құтылудың тағы бір жолы - талап қою мерзімінің өтуін күту. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, талап қою мерзімі - 3 жыл. Алайда бұл сотта автоматты түрде қолданылмайды. Ол үшін талап қою мерзімінің өткендігін айтып, міндетті түрде жауапкер сотқа дейін немесе сот барысында арнайы өтініш жасауы тиіс. Егер талап қою мерзімі өтіп кеткен болса, сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартады.

- Тәжірибеде жиі кездесетін тағы бір тәсіл - қарызды атқарушылық іс жүргізу барысында есептен шығару. Кейбір жағдайларда жеке сот орындаушысы заңға сәйкес атқарушылық құжатты (орындау парағын) қарызды өндіріп алушыға орындаусыз қайтарады. Егер өндіріп алушы оны қайтадан орындауға бермей, уақыт өткізіп алса, мысалы, ұмытып кетсе және сол сәттен бастап 3 жыл өтсе, сіз өзіңізді борышкерлер тізімінен шығару үшін сот орындаушысына өтініш бере аласыз. Бұл жағдайда қарыз мерзімі өтіп кеткен болып есептеледі, - дейді Ольга Гаврик.

Нәтижесінде осы өтініш негізінде сот орындаушысы Әділет органдарына ұсыныс жолдайды, кейін борышкер тізілімнен және қарыз іс жүзінде есептен шығарылады.

- Қорыта айтқанда, қарызды заңды түрде есептен шығарудың үш жолы бар: баранкроттық рәсімі, талап қою мерзімінің өтуі,
атқарушылық іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы. Алайда әрбір жағдай жеке қарастырылуы тиіс. Сондықтан нақты шешім қабылдамас бұрын заңгердің кеңесіне жүгінген дұрыс, - дейді адвокат.

Бұған дейін өзіне әдейі банкроттық жариялағандар қандай жауапкершілікке тартылатындығын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью