Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Үкімет жариялаған аудиторлық тексерудің алдын ала қорытындысында жекеменшік мектептердегі бюджет қаражатын жымқыру және АӨК-те қаржыны мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелгені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрі Мәди Такиевтің баяндамасын тыңдады.
Оның айтуынша жекеменшік мектептер саны 2020 жылы 203-тен 2025 жылы 878-ге дейін артқан, ал оқушылар саны бес жыл ішінде алты есеге, яғни 53 мыңнан 322 мың балаға дейін өскен. Сондай-ақ аталған бағыт бойынша бюджет шығыстарының көлемі 2020 жылғы деңгейден (13,3 млрд теңге) 20 есе асып, 248 млрд теңгені құрады.
Мемлекеттік тапсырысқа мораторий: Жекеменшік мектептердің қаржыландырылуы түбегейлі өзгереді
2025 жылдың соңына дейін жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесі бытыраңқы әрі бақылаусыз болғаны, бұл деректердің бұрмалануына және бюджет қаражатын теріс пайдалануға жағдай туғызғаны атап өтілді. Осыған байланысты өткен жылдың соңынан бері қаржыландыру барлық кезеңнің ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз ететін Оrta-bilim.e-qazyna цифрлық платформасына ауыстырылды, бұл қазіргі кезеңде жаңа тәсілдің тиімділігін растады әрі қаражатты жосықсыз пайдалану тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
Қаржы министрлігі жекеменшік мектептерді қаржыландыруға жүргізген аудит барысында бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде:
- мектептер арасында бірнеше рет ауыстыру және тіркелу арқылы оқушылар санын көбейту;
- ғимараттардың нақты сыйымдылығын есепке алмай оқушы орындарының санын негізсіз асыра бағалау (нормативтік сыйымдылықтан 3 есе асып кету);
- бюджеттік қаржыландыру алу және сол арқылы салық төлемдерін азайту үшін салық есептілігінде кірісті кем көрсету арқылы еселенген пайда алу;
- күрделі жөндеудің орнына ағымдағы және косметикалық жөндеу жүргізу (жобалау және сметалық құжаттамасы болмаған жағдайда) анықталды.
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше