Қаржы министрлігі фейк ақпаратқа қатысты: азаматтарға ешқандай төлем жасалмайды

31.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осы ретте ҚР Қаржы министрлігінің жарияланған ақпараттарға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ жекелеген сайттар, мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға төлемдерді жасамайтынын, инвестициялар немесе гранттар бойынша бағдарламаларды жүргізбейтінін айта кетейік.

Мемлекеттік органдардың барлық бастамасы тек ресми ресурстарда жарияланады.

Бұл орайда азаматтарға күдікті сілтемелерге өтпеуін, сондай-ақ жеке мәліметтерді енгізуден сақ болып, белгісіз тұлғалардың шоттарына ақша аудармауын сұраймыз.

- Күмәнді схемалар анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе «1414» Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, аталған фактілер жөнінде жеткізуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Осыған дейін 2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайтыны туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью