Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәлімдеме жасады

18.05.2026

7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қаржы вице-министрінің айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 20 пайызын немесе 36,8 трлн теңгені құрайды

Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Сенатта өткен экономиканың өсуін қаржылай ынталандыру мәселесіне арналған Үкімет сағатында айтты. 

Оған инвесторларды мемлекеттік кепілдік арқылы қаржыландыру тәуекел тудырмай ма деген сұрақ қойылды.

Мемлекеттік кепілдіктерге байланысты қандай да бір қауіп көріп отырған жоқпыз. Біз бұл тетікті отандық заңды тұлғалар мен ірі инвесторларды қолдау құралы ретінде қарастырамыз. Яғни олар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы тарта алады. Біз бірнеше талап қоямыз. Инвестордың қаржылық берешегі мен мәселесі болмауы керек. Екінші деңгейлі банктің қарсы кепілдігін немесе сақтандыру шартын талап етеміз. Сондай-ақ мұндай жобалар өзін-өзі ақтайтын болуы тиіс, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 20 пайызын құрайды. Бұл – 36,8 трлн теңге.

Бізде белгілі бір шектеулер бар. Негізгі талап бойынша мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 32 пайызынан аспауы керек. Қазіргі 20 пайыз – өте қолайлы деңгей. Мұны халықаралық рейтинг агенттіктері де атап өтіп отыр. Сондықтан мемлекеттік кепілдік беру мәселесінде ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз, – деді Дәурен Кеңбейіл.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда банкрот деп танылған 66 мың адамның қарызы кешірілетіні хабарланды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью