Қаржы министрлігі қазынаға түскен салықтың көлемін жариялады

02.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті екі айда бюджетке түскен салықтардың көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл қаңтар-ақпанда республикалық бюджетке 2 979,0 млрд теңге түсті. Осылайша қазіргі жоспар 113,7 проценкте орындалды.

"Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд теңге немесе 129,4% болып отыр. Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд теңге), Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд теңге) құрады", - дейді салықшылар.

Осы орайда ақпараттық кеңістікте тараған сараптамалық пікірлерге де түсініктеме берді. Ондай тұжырымдар көбінесе қаңтар айындағы деректерге негізделген.

"Мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді. Нәтижесінде 1 наурызға ҚҚС бойынша жоспардың орындалуы 119,8%-ды құрайды немесе жоспар 1 281,0 млрд теңге, нақты түсім 1 534,5 млрд теңге", - деді мамандар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью