Қаржы министрлігі тұрғындардың шоттарын жаппай бұғаттау жағдайын түсіндірді

14.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, бұл оқиға жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу кезіндегі техникалық іркіліске байланысты болды.

— Қазір кедендік және салық жүйелерін толық көлемде жаңғыртуды енгізіп жатырмыз. Бұл салық саласындағы әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін енгізу аясында мұндай жағдай болды. Бұл орындалмаған берешек туралы хабарламаларға қатысты. Атап айтқанда, жүйе шартты түрде алдыңғы кезеңдерде қарызы бар барлық берешегі барларды автоматты түрде қамтыған. Осы орайда 1 қаңтардан бастап барлық қарыздарды шығару міндеті қойылған еді, - деді Е.Біржанов.

Оның айтуынша, тәулік ішінде техникалық мәселелер толық шешілді.

— Расында, қолайсыз жағдай болды. Мұндай техникалық іркілістер орын алатынын мойындаймыз. Ең бастысы, бұл жүйені енгіздік. Жаңа жүйелерді енгізу қуаттарды арттыруға, бизнеспен жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік берді. Кез келген жаңа жүйеде бастапқыда ақаулар болады. Сондықтан осы жүйені жақсартуға ерекше мән берілген, - деді вице-министр.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын жаңа 2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап салық берешегін өндіріп алудың тәртібі қалай өзгергенін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью