Қаржы мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға неліктен іздеу жариялағанын айтты

14.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қаржылық мониторинг агенттігі Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: qais_arr

Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

«Күдікті 5 жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісінде, «qais_arr» атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ «Telegram»-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған. Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен», деп түсіндірді агенттік

Осылайша, блогер азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Бұған дейін блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне салынған іздеуге қатысты пікір білдірген еді. 

Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға неліктен іздеу жариялағанын айтты

Қоғам • Бүгін, 09:25

Желіден жалыға бастады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Мәртебелі мысық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ең қымбат қуаныш

Қоғам • Бүгін, 09:17

Достықты дәріптеген мюзикл

Театр • Бүгін, 09:15

Домбыраға құштар жапон жігіті

Қоғам • Бүгін, 09:13

Ақ жол, Асу!

Жекпе-жек • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:08

Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі

Үкімет • Бүгін, 09:06

Шоқпартоғайдағы «морж»

Қоғам • Бүгін, 09:05

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

Мәселе • Бүгін, 09:03

Цемент өнеркәсібіндегі тың серпін

Өндіріс • Бүгін, 09:00

Жылқыны асылдандыру – маңызды мәселе

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Мұнай өндірісі ұлғайды

Экономика • Бүгін, 08:50

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью