Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша бірыңғай үйлестіру алаңын құру бастамасы мақұлданды

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кеңес жұмысына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасы Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) басқарушысы Ренат Бектұров қатысты.

Кеңес отырысында ҚҰБ, Агенттік, Қаржы министрлігі және АХҚО қатысуымен қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша бірыңғай үйлестіру комиссиясын құру ісі мақұлданды.

Оның қызметі аясында ведомствоаралық үйлестіру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ қаржы секторын қарыштап дамытуға бағытталған негізгі жүйелік және стратегиялық мәселелер қаралады. Комиссия құру ісі реттеушілер арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға, елдегі биржалық алаңдар арасында синергияны қамтамасыз етуге, капиталды сыртқа шығаруға қарсы іс-қимыл мен салықтан жалтару мәселелері бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеуге және ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның қаржы саласындағы халықаралық позициясын да нығайтады.

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚҰБ пен Агенттіктің 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында іске асырылып отыр.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері биыл банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (AQR) және қадағалау стресс-тестілеуін (ҚСТ) өткізу үшін Агенттік ұсынған банктер тізбесін мақұлдады.

-Кеңес қаржы секторындағы өзекті мәселелерді талқылау арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу бағытындағы жұмысын жалғастырады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиринг қағидаларына өзгеріс енгізетіні туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью