Қаржы омбудсманы қалай жұмыс істейді?

08.06.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңыy іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобада бас қаржы омбудсманын және қаржы омбудсмандарын сайлау, қайта сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі, оның ішінде кандидаттарға қойылатын талаптар, конкурстық іріктеу рәсімдері және кандидатураларды уәкілетті органмен келісу тәртібі айқындалады. Сондай-ақ жоба қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін, бас қаржы омбудсманының өкілеттіктерін, ішкі бақылауды жүзеге асыру және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету тәртібін реттейді.

Бұдан басқа, жобада қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау тәртібі, оның ішінде оларды беру тәсілдері, тіркеу және қарау мерзімдері, қаржы омбудсманының қажетті құжаттар мен түсініктемелерді сұрату құқығы, сондай-ақ дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдердің түрлері белгіленеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью