Қаржы омбудсменінің бірыңғай офисі құрылмақ

05.11.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

- Заң жобасы аясында тәуекелге бағдарлану қағидаттарында іс-қимылды қадағалаудың толыққанды моделін енгізу көзделген. Жаңа модель іс-қимыл тәуекелдерін басқару жүйесін құруды көздейді. Оған іс-қимыл тәуекелдерін басқару стратегиясы, қаржы өнімдерін бағалау бойынша тәуелсіз бөлімшелер құру, қаржы өнімдерін басқару бойынша, қаржы өнімдері туралы тұтынушыларға толық және шынайы ақпаратты жеткізу бойынша қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ тұтынушылардан кері байланысты талдау кіреді, - деді агенттік басшысы.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, заң жобасында жосықсыз практикалардың мынадай тізбесі бекітілді:

қызметтерді мәжбүрлеу; нақты құнын жасыру;  жаңылыстыратын ақпаратты тарату. 

- Агенттікке тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін өнімдерді сатуды тоқтату бойынша өкілеттіктер беріледі. Сонымен бірге заң жобасында банк, сақтандыру және микроқаржылық қызметтер бойынша қаржы омбудсманының бірыңғай офисін құру көзделеді. Омбудсменнің шешімдерін қаржы ұйымдары орындауға міндетті. Бұл азаматтардың жолданымдарын қараудың біркелкілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау үшін дауларды сотқа дейін реттеудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Шағымдарды бастапқыда қаржы ұйымдары қарайды. Одан кейін қаржы омбудсменіне және агенттікке жүгінеді.

Бұған дейін ел аумағында цифрлық қаржы активтерінің айналымына рұқсат берілуі мүмкін екенін жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью