Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Күдіктіні елге жеткізу Бас прокуратура мен ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің қатысуымен, Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарған.
– Қылмыстық топ мүшелері азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беріп, 10 млрд теңгеден астам қаражат тартқан, – деп мәлімдеді Бас прокуратурадан.
Аталған іс бойынша сыбайлас тұлғалардың бірқатары бұған дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ал негізгі күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Айта кетейік, бұған дейін 380 адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болғаны хабарланды.