Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті. Онда қаржы секторына қатысты 38-ге жуық мәселе талқыланды.
Отырыста 10-нан астам сұрақ редакциялық және нақтылау сипатында болды. Жиында салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізбесін кеңейту мәселесі, электрондық шот-фактураларды жазу тәртібі, өзге де техникалық нормалар талқыланды. Сонымен қатар сұрақтардың бір бөлігі инвестициялық нарыққа ықпалы тұрғысынан қарастырылды.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутованың мәліметінше, жаңа Салық кодексі ақшалай нысанда берілген кредиттер мен микрокредиттерге қатысты пайыздарды ҚҚС-дан босатады. Алайда банктік кепілдіктер мен кепілдіктер беру операциялары ҚҚС-дан босатылмайды. Факторингтік операциялар да салық салуға жатады.
Факторинг – бұл жеткізуші банкке немесе қаржы ұйымына талап қою құқығын беру арқылы тауар үшін төлемді мерзімінен бұрын алатын құрал. Бірқатар банктерге бұл мәселе өте маңызды. Өйткені клиенттермен жұмыстың едәуір бөлігі кепілдіктер мен факторингтік операциялар арқылы құрылады. Дамыған нарықтарда факторинг қаржылық қызмет ретінде қарастырылады әрі ол бойынша пайыздық кіріс әдетте ҚҚС-дан босатылады. Салық режімін халықаралық тәжірибеге келтіру қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, бизнес үшін қаржыландыру құнын төмендетуі мүмкін.
Талқылау қорытындысында бірқатар тұжырымдар жасалды. ҚҚС-дан босату салық жеңілдігі болып есептеледі, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің ұстанымын талап етеді. Үкіметтің саясатына сәйкес, егер олар экономиканың нақты секторын қаржыландыруға, ішкі инвестициялық белсенділіктің өсуіне ықпал етсе, салықтық жеңілдіктер беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар жиында борыштық құралдар бойынша сыйақы түріндегі табысты айқындау мәселесі жеке қаралды. Қолданыстағы редакцияда бағалы қағаздарды өтеу кезіндегі дисконт сыйақы құрамынан алынып, құнның өсуіне жатқызылады. Бұл салық шегерімдерін қолдануды қиындатады әрі қосымша салық жүктемесіне әкелуі ықтимал. Қаржы қоғамдастығының өкілдері нормаларды екіұшты түсіндірмеу мақсатында сыйақы құрамында дисконтты сақтауды ұсынды.
Салық салынатын кірісті азайту мақсатында борыштық бағалы қағаздарға кемінде үш жыл иелік ету қажеттілігі туралы норма да талқыға түсті. Нарық қатысушыларының пікірінше, бұл инвесторлардың осындай құралдарға деген қызығушылығын төмендетіп, биржалық алаңдар арасында теңсіздік туғызуы мүмкін. Барлық ұсыныс кабылданған Кодексте ескеріліп, жан-жақты қаралады.
Тағы бір мәселе ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезіндегі ҚҚС-ны түзетуге қатысты болды. Қолданыстағы нормаға сәйкес, экспорт кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бұрын есепке қабылданған ҚҚС-ны 80%-ға азайтуға міндетті. Тиісінше, қайтару 20% мөлшерінде жүзеге асырылады. Өйткені фермерлер салық міндеттемелерін 80%-ға төмендетуге құқылы. Бұл норма бейіндік заңнамаға сәйкес егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне, оның ішінде бастапқы қайта өңдеу өнімдеріне ғана қолданылатыны түсіндірілді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 12 ақпанда жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режімін 921 мың салық төлеуші, жалпыға бірдей белгіленген режімді 113 мың адам таңдаған. 500 мыңға жуық салық төлеуші әлі таңдау туралы шешім қабылдаған жоқ. Оларға 1 наурызға дейін салық режімін таңдау қажеттігі туралы ескертіліп, жеке кабинеттері арқылы қайталама хабарламалар жіберілді.
Соңғы жаңалықтар
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Руханият • Бүгін, 08:15
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 08:10
Өнер • Бүгін, 08:05
«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді
Басылым • Бүгін, 08:00
Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
Жануарлар • Кеше
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Инвестиция • Кеше
Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат
Ата заң • Кеше
Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң
Ата заң • Кеше
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
Спорт • Кеше
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Аймақтар • Кеше
Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды
Дін • Кеше
Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?
Саясат • Кеше
Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Кеше
Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды
Ата заң • Кеше