Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Желідегі дипфейк видеоларда Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерінің бейнесін пайдаланып «жәбірленуші инвестордың» жалған оқиғасы баяндалған видео тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сценарий бойынша, қаражатты салғаннан кейін кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі. Бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және «тексерістерді» төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін қаражатқа қол жеткізу бұғатталады.

Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы алу мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. «Толығырақ» батырмасы «халық заңгері» деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі.

Чекті кассада қалдырмаңыз: Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Сонымен қатар алаяқтар Агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда «жәбірленушілердің ақшасын қайтару» туралы ақпарат жариялаған.

«Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнаманы толтыру сұралады (мысалы, «ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?» деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер – аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта енгізіліп, «қайтару процесін бастау» батырмасын басу ұсынылады», деп түсіндірді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп

Агенттік осы сипаттағы сайттар мен чаттар ақшаны иемденуге бағытталған жалған әрекет екенін хабарлап отыр.

Ал ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Президент • Бүгін, 12:37

Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Заң • Бүгін, 12:34

Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Қазақстан • Бүгін, 12:24

С.Сейфуллин атындағы университет алғаш рет QS WUR by Subject 2026 рейтингіне енді

Білім • Бүгін, 12:10

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды

Қаржы • Бүгін, 11:55

Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз

Қоғам • Бүгін, 11:43

Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:42

Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды: Мәжіліс тиісті заңды қабылдады

Заң • Бүгін, 11:24

Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Спорт • Бүгін, 11:15

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды

Жемқорлық • Бүгін, 11:08

Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады

Логистика • Бүгін, 10:45

АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады

Әлем • Бүгін, 10:26

Ламин Ямаль «Алтын доп» иегері атануы мүмкін бе? Жаңартылған рейтинг жарияланды

Футбол • Бүгін, 10:23

Театр көрермені көбейді: Былтыр 2 миллионнан астам адам қойылым тамашалаған

Театр • Бүгін, 10:12

Тестілеу кезінде ережелерді бұзған 82 талапкердің нәтижелері жойылды

Білім • Бүгін, 10:09

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью