Қасақана банкроттық жариялаған компаниялар көбейді: 44 қылмыстық іс қозғалды

22.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекеттік кірістер комитеті қасақана банкрот болған компаниялар саны артқанын хабарлады. Яғни, компаниялардың қарыздан әдейі қашу үшін мүлікті жасырып, активтерді шығарып, сот арқылы банкрот болған жағдайлары жиілеген. Алайда қазір мұндай әрекеттер анықталып, оған барған компаниялардың құрылтайшылары мен басшылары жеке жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: fingramota.kz

Мамандардың айтуынша, әдейі банкроттық қарыздан құтылудың оңай жолы емес. 

«Оңалту және банкроттық туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және Қылмыстық кодекске сәйкес, кінәлі тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады. Бұдан бөлек, олар компанияның қарыздарын өз жеке қаражаты есебінен өтеуге де міндеттелуі мүмкін. Бұл жауапкершілік банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін де сақталады.

Соттан тыс банкроттық рәсім жеңілдетілді

2024-2025 жылдары әдейі банкроттыққа қатысты 120 әкімшілік іс және 44 қылмыстық іс қозғалған. Соттар кінәлі тұлғалардан ірі көлемдегі қаржыны өндіріп алу туралы шешімдер шығарған.

Мемлекеттік кірістер органдары енгізген автоматтандырылған талдамалық жүйелер мұндай заңбұзушылықтарды анықтауды және дәлелдеуді бұрынғыдан да тиімді етіп отыр.

Нәтижесінде банкроттық рәсімі жауапкершіліктен қашу амалы емес, керісінше, кредиторлардың құқығын қорғап, әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған заңды тетікке айналды.

Салықтан жалтарған ЖШС банкроттыққа өтініш берген

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда электр энергиясы уақытша өшіріледі

Аймақтар • Бүгін, 12:44

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью