Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жамбыл облысы Байзақ ауданында жергілікті тұрғын "Сергек" камерасына оқ атқан.
Сол үшін жамбылдық жігіт жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Байзақ аудандық соты бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.
Сот 2025 жылдың желтоқсанында азамат М.-ның "Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ" тасжолында пневматикалық мылтықпен оқ атып, "Сергек" бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу камерасына қасақана зақым келтіргенін анықтаған.
Келтірілген залал ішінара өтелді дегенімен, жәбірленуші тарап залалдың толық көлемде өтелмегенін көрсеткен.
"М.-нің кінәсі хаттамамен, полицияның хабарламасымен, жәбірленушінің жазбаша арызымен және құқық бұзушының айғақтарымен дәлелденді.
Сот кінәні мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.