Қашағанға қатысты дау Вашингтонда қаралады: ҚР Әділет министрлігі істің мән жайын айтты

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Атап айтқанда, 2023 жылы North Caspian Operating Company компаниясына жүргізілген тексеру қорытындысында күкірттің нормадан тыс сақталғаны анықталды. Рұқсат етілген 730 мың тонна күкірттің орнына 1 млн 750 мың тонна күкірт сақталған. Сол себепті, Қазақстан Қашаған операторын экологиялық нормаларды өрескел бұзғаны үшін 2,3 трлн теңге немесе 5,1 млрд долларға сотқа берген еді. 

Бұл мәселемен Әділет министрлігінің қолдауымен Экология министрлігі айналысып жатыр.

— Қазіргі уақытта соттың бірінші сатыдағы шешімі Қазақстан Республикасында шығарылды. Бұл ретте еліміздің ұстанымы заңды деп танылды. Наурыз айында алты мердігер апелляциялық шағым түсірді, - деді Дәниел Ваисов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Апелляциялық шағым Қазақстан сотында қаралып жатыр.

Сонымен қатар, Қашаған инвесторлары да арбитраждық талап-арыз берді. 

— Ол екіжақты халықаралық келісімдер бойынша берілді. Бұлар — Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы келісім және Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы келісім. Бұл дау Вашингтонда ICSID (International Centre for Settlement of Investment Disputes) аясында қаралады. Қазіргі уақытта Вашингтон бойынша арбитраждық трибуналды құру жүріп жатыр. Сондықтан бұл мәселе бойынша Әділет, Экология және Энергетика министрлігі бірлесіп жұмыс істеуде, - деді вице-министр.

Дәниел Ваисовтың сөзіне қарағанда, Қарашығанақ бойынша аралық шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бұл бағытта тиісті жұмыс жалғасады.

Айта кетейік, Bloomberg Қарашығанақ мұнайын игеруші компаниялар халықаралық төрелікте ұтылып, Қазақстанға өтемақы төлеуі мүмкін екенін жазған болатын. 

Еске салсақ, былтыр күзде Энергетика министрлігі Қашаған жобасының сот ісіне байланысты ресми түсінік берді.

Қашаған кен орнын игеруші NCOC компаниясы экологиялық айыппұлға байланысты түсірген талап арызға сай, Қазақстан халықаралық төрелікке қатысады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью