Қашан көмілгені белгісіз : Семейде табылған адам сүйектеріне қатысты тың ақпарат шықты

05.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Семейде құрылыс алаңында үш адамның сүйегі табылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Абай облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Тілемесовтың айтуынша, оқиға бір ай бұрын болған.

"Сүйектер жерді экскаватормен қазғанда шыққан. Мердігер мекеме басшысы маған "не істейміз" деп хабарласты. Мен полиция шақыру керектігін айттым. Ол бір-екі ай бұрынғы сүйек пе, 1980 жылғы сүйек пе, жоқ 800 жыл бұрынғы сүйек пе, ол жағы белгісіз", - дейді Серік Тілемесов.

Оның айтуынша, сүйектер жақын уақытта қайтыс болған адамдыкі емес.

"Өйткені бұл жерде бір адамның емес, бірнеше адамның сүйегі шығып тұр. Мүмкін ашаршылық жылдары немесе соғыс жылдары көмілген адамдар ма екен. Егер бір адам болса, қылмыс болған деп болжауға болады. Оның үстіне бұл стадион сонау Кеңес үкіметінен бері тұр. Менің ойымша, адам өлтірген қылмыскер стадионға әкеп мәйітті көмбесі анық", - дейді құрылыс басқармасының басшысы.

Құрылыс алаңынан үш адамның сүйегі табылғанын облыстық полиция департаменті растады. Ал оның кімдікі екенін айтуға әлі ерте.

"9 шілдеде Семей қаласындағы бұрынғы "Пищевик" стадионының аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектерінің қалдықтары табылды. Табылған сүйек қалдықтары олардың шығу тегін және жерленген уақытын анықтау мақсатында сараптамаға жіберілді", - дейді Абай облысының полиция департаментінде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью