Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасының азаматы жасаған қылмыстары үшін жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадицияланды.
Қылмыскер алдау жолымен жәбірленушіні қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 30 млн теңге көлемінде пара беруге көндірген, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасаған.
Алқабилердің қатысуымен өткен соттың үкімімен сотталушы пара беруге айдап салғаны, алаяқтық жасағаны, құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Аталған факт жасалған қылмыстар үшін, сот төрелігінен жалтару әрекеттеріне қарамастан, қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсетеді.
Бүгін, 15:17