Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне қайта тағайындады. Тиісті Жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын", – делінген ресми құжатта.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Құрылтайдың кезекті отырысында Олжас Бектеновтің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынған еді. Президенттің ұсынысын "Әділет", "Ауыл", Respublica, "Ақ жол" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракцияларының жетекшілері қолдады.
Кейін Құрылтай депутаттары Олжас Бектеновтің кандидатурасын мақұлдады. Дауыс беруге қатысқан 144 депутаттың 137-сі оның кандидатурасын қолдаса, жетеуі қалыс қалды.