Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
– Қазір осы салада ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды. Арнайы Инвестициялық штаб жұмыс істеп тұр. «Бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық платформа іске қосылды. Сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлер Altyn Visa бағдарламасының игілігін қолдана алады. Бірегей визаның негізгі мақсаты – инвесторларға салық және көші-қон жеңілдіктерін ұсыну. Түрік кәсіпкерлерін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын. Елордамызда Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) белсенді жұмыс істеп жатқанын білесіздер. Бұл – инвесторлар мен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету үшін құрылған аймақтағы жетекші хаб. Орталық Ыстанбұл, Лондон, Дубай және Нью-Йорк қаржы орталықтарының үздік тәжірибесін қолдана отырып, ағылшын құқығына сәйкес жұмыс істейді. Мұнда 90-ға жуық елдің 5 600-ден астам компаниясы тіркелген. Соның ішінде қаржы, сауда, құрылыс және басқа да салаларда жұмыс істейтін 73 түрік компаниясы бар. Бұдан бөлек, Астана қаржы орталығы мен «Борса Ыстанбұл» биржасының арасындағы серіктестік нығаюда. Қазақстан түрік бизнесімен байланысты кеңейте беруге мүдделі. Біздің білуімізше, Түркияда Президент Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен ұлттық экономикаға ауқымды инвестиция тарту үшін нақты шаралар қабылданатын болды. Лайықты кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдік пен артықшылықтар беріледі екен. Біз бұл бастаманы міндетті түрде сараптаймыз, қажетті тұстарын пайдалануға тырысамыз, – деді Президент.