Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Президент Петер Мадьяр мен барша мажар халқын ұлттық мерекемен құттықтады.
Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті түрлі бағытта одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Петер Мадьярдың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.