Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Eл астанасындағы «Көксарай» резиденциясында Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің келіссөзінен кейін қазақ-өзбек жобаларын іске қосу шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның ең жоғары марапаты – «Достық» орденімен марапатталды. Президенттің екі ел арасындағы өзара сыйластық, сенім, татулық және стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға қосқан үлесі осылайша жоғары бағаланды. Мемлекеттің ең жоғары марапатын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев табыс етті.
Қазақстан Президенті екі ел дамуына қосқан еңбегі бағаланғанына ризашылығын білдірді.