Қасым Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бірлескен декларацияға қол қойды

04.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы мен Пәкістан премьер-министрінің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

2. БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Экстрадициялау туралы шарт;

4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы  Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;

6. Кеден мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

9. Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

10. Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

13. Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

14. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасы Білім және кәсіби даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

16. Мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласындағы ынтымақтастық бойынша 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;

17. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Виртуальды активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

18. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

19. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен National Logistics Corporation арасындағы логистика саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

Салтанаты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек, тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью