Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.