Қасым Жомарт Тоқаев: Татуласу мықтылықтың белгісі

05.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсі­міне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады.

Мемлекет басшысы Абу-Дабиде өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген бейнеүндеуінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығына ие болуымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл марапат олардың парасатты көшбасшылығына берілген баға екенін атап өтті.

– Әзербайжан мен Армения­ның бейбіт келісім жолында қол жеткізген жетістігі тарих­тың бетбұрыс кезеңі саналады. Бұл қадам диалог жүргізіп, жауапкершілік пен ұстамдылық таныта білсек, ұзақ жылдарға созылған қақтығыстың да түйінін тарқатуға болатынын дәлелдей­ді. Мемлекеттердің жік-жікке бөлінуі ұлғайып, өзара қарым-қатынастарға көптеп сызат түсе бастаған заманда бұл тәжірибенің маңызы зор. Өйткені аталған мысалдан татуласудың әлсіздік емес, мықтылықтың белгісі еке­нін көреміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент үндеуде Қазақстан тарапының мемлекетімізге артылған сенімді, соның ішінде Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдердің негізгі бір кезеңін Алматыда өткізу туралы шешімді жоғары бағалайтынын жеткізген.

– Бұл жағдай «сындарлы диалог – орнықты дамудың кепілі» деген ортақ көзқарасымызды айғақтайды. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі және одан тысқары жерлердегі бейбітшілікті, сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды дәйек­ті түрде қолдап келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сый­лық­тың бейбітшілікті нығай­ту ісінде айрықша рөл атқара­ты­нына назар аударып, атал­ған құндылықтарды ұдайы ілгерілет­кені үшін БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға ризашылығын білдірді.

– Шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның толеранттық, өзара құрмет пен бейбіт қатар өмір сүру идеалдарына негізделген өшпес өсиет-өнегесі осы марапат­та көрініс тапқан. Бұл қағидаттар нақ­ты саяси нәтижеге ұласып отыр. Әзербайжан мен Армения ара­сында бейбітшілік орнап, ын­ты­­­мақ­тастықтың жандануы осы қас­терлі аманатқа жаңа маз­мұн дарытып, оның аймақ­тан тыс жерлерде де өзекті екенін көр­сетті. Халықаралық қатынастар­дағы пәрменді құрал ретінде дипло­матияға сенімді күшейте түсті, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің пікі­рін­ше, Әзербайжан мен Армения бас­шыларының бейбіт­шілік ор­натуға деген шынайы ниеті мил­лиондаған адамға үміт сыйлады, тату көршілік қатынастар мен тұ­­рақ­тылық жаһандық күн тәрті­бін­де әрдайым маңызды екенін әлем­дік қауымдастыққа анық аңғартты.

Шейх Заид атындағы «Адам­зат бауырластығы» сыйлығы – 2019 жылы тағайындалған тәуел­сіз халықаралық марапат. Оның мақсаты – бейбітшілікті, өзара түсініс­тікті нығайтуға, сон­дай-ақ ха­лық­тар мен мәдениет­тер арасын­дағы ынтымақ пен татулық­ты дәріптеуге елеулі үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру.

Әр жылдары Рим Папасы Франциск, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, IMAD қауым­дастығының негізін қалаушы әрі экст­ремизммен күрес бойынша белсенді Латифа Ибн Зиа­тен, Иордания Королі II Абдал­ла, Патшайым Рания, бас­қа да қай­раткерлер сыйлық лауреаттары атанды. 

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью