Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Корея Республикасының Президенті Ли Чже Мёң, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, Палестина Президенті Махмұд Аббас, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері Президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.
Соңғы жаңалықтар
«Евровидение» байқауында Болгариялық әнші жеңіске жетті
Әлем • Бүгін, 10:56
«Миссиямды орындадым»: Роберт Левандовски «Барселонадан» кететінін мәлімдеді
Футбол • Бүгін, 10:28
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Саясат • Бүгін, 10:08
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Саясат • Бүгін, 09:50
Экономика • Бүгін, 09:27
Сыртқа көп шықпаған жөн: Бүгін төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Шымкентте 23 жастағы қыз уақытша ұстау изоляторында көз жұмды
Қоғам • Кеше
Исламофобия: Сынақ һәм аңдысқан ағайын
Руханият • Кеше
Көлік, пәтер немесе 50 млн теңге: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады
Қоғам • Кеше
Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Биыл Алматыға газбен жүретін 500 автобус пен электробус сатып алынады
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады
Қоғам • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше