Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Axios басылымы Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны жайында жазып, аталған клубқа көптеген елдің мүше болуға тырысатындығына назар аудартады.
Фото: axios.com сайтынан алынған скрин— Бұл Газадағы соғыс парағын аударып, өңірдегі үлкен бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қарай ілгерілеудің қадамына айналады, — делінген шетелдік БАҚ бетінде жарияланған материалда.
АҚШ-тың ең беделді газеттерінің бірі The Washington Post-та Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуын назарынан тыс қалдырған жоқ.
Фото: washingtonpost сайтынан алынған скринАл Associated Press АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстанның аталған келісімге қосылуын «бүкіл әлемде көпір орнатудағы маңызды қадам» деп бағалаған сөзін келтіреді.
Фото: apnews.com сайтынан алынған скринАҚШ-та жаңалық тарату желісі бойынша ірі үштікке кіретін CBS News Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуының маңыздылығын атап өтеді. Басылымның жазуынша, бұл шешім олардың екіжақты сауда-саттығы мен ынтымақтастығын нығайта түседі.
Фото: cbsnews сайтынан алынған скринEE News by Politico басылымы Астана мен Вашингтон арасындағы пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі мәмілеге жан-жақты тоқталып, Қазақстанның уран өндіруде әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі екеніне, сирек кездесетін элементтердің кен орындарын иелік ететіндігіне баса назар аудартты.
Фото: eenews.net сайтынан алынған скринFrance 24 халықаралық жаңалықтар арнасының хабарлауынша, Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуы Израиль мен мұсылман елдерінің басым бөлігінің арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру аясын кеңейте түседі.
Фото: france24 сайтынан алынған скринАЗЕРТАДЖ Қазақстан Президентінің Ақ үй қожайынымен кездесуі барысында Қазақстан Республикасының америкалық көшбасшының бітімгерлік бастамаларын қолдайтындығын мәлімдегеніне мән береді. Сондай-ақ агенттік Қасым-Жомарт Тоқаев «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу бағытын» (TRIPP, Зангезур дәлізі) қолдағанын, аталған бағыттың Орта дәлізді одан ары дамытуға септігін тигізе алатындығын, өз кезегінде Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен жан-жақты кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің одан ары нығайтуға ниетті екенін растағанын жазды.
Фото: АЗЕРТАДЖ сайтынан алынған скринAnadolu Ajansi басылымының жазуынша, Қазақстан БҰҰ жарғысының қағидаттары негізінде текетіресті еңсеруге және диалогты ілгерілетуге өз үлесін қосуға ұмтылады.
Түркияның ірі мемлекеттік ақпарат агенттігі Қазақстанның Ибраһим келісімі арқылы Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен диалогқа жәрдемдесуге дайын екендігін де атап өтеді.
Фото: Анадолы сайтынан алынған скринБұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуын әлем елдері арасында алтын көпір орнатудағы маңызды қадам деп бағалағанын жазған едік.