Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды.. АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik.
Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылының тұрғындары кәріз суынан мезі болған.
Тұрғындардың базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Әйтей ауылыАлматы облысындағы Әйтей ауылы© Sputnik / Айдана ДайыроваЖалпы Әйтей ауылының аясы кеңіп, қоныстанғандар қатары көбеюде.
Жер телімдері беріліп, инфрақұрылым тартылған. Бірақ тұрғындарға жер телімі кәріз суы төгілетін аумақтан үлестірілген.
Кәріз иісі жаз тұрмақ қыста да қолқаны қабады."Менің бұл жерге қоныстанғаныма үш жылдан асты. Бізге берілген жердің бәрі заңды.
Электр жарығы, газ бәрі тартылған", - дейді жаңа қоныстанған ауыл тұрғындары.Қарасай ауданының маңында кәріз суын төгетін бірнеше орын бар.
Бірақ кейбір кәріз орындарына тұрғындар қарсы болып, жауып тастаған.
Қазіргі уақытта ауданның бар кәріз суы Әйтей ауылының маңындағы арнайы орынға төгіледі."Кәріз суын төгетін көліктерді біздің ауылға қарай бұрып жіберген.