Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

29.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әлеуметтік желілерде коуч ретінде танымал Мәрзия Бекайдардың подкастынан алынған бір үзінді қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тараған видеоға тек қазақстандықтар ғана емес, көршілес мемлекеттердің де желі қолданушылары алаңдаушылық танытты.

Әсіресе, пікір қалдырған әйелдер тарапынан қатты наразылық байқалды.

Үзіндіде мынадай сөздер айтылады:

«Сені тәрбиелеп, саған қатал бола алатын күйеу –  Алланың жіберген нығметі. Қатал мінезді күйеу –  үлкен сый».

Бұл тұжырым қоғамда үлкен сынға ұшырап, пікір білдірушілер наразылықтарын жасыра алмады. Желідегі жазбаларда:

«Ересек әйелді біреу тәрбиелеуі керек дегенді қайдан шығарады?», «Мыналар не айтып отыр өзі?», «Өздерін алдап жүр», «Бұл қай ағым?», «Күйеу әйеліне керісінше мейірімді болу керек қой», –  деген сынды пікірлер басым болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью