Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қатар мемлекеті Иранның баллистикалық зымырандарымен өз аумағына және бауырлас елдерге жасалған соққыларды айыптап, оны өз егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына жасалған ауыр құқық бұзу деп бағалады.
— Қауіпсіздігімізді және ұлттық мүддемізді қорғау мақсатында Қатар халықаралық құқық нормаларына сәйкес, агрессия сипатына сай жауап беруге құқылы, — деп хабарлады Қатардың сыртқы істер министрлігі.
Катар СІМ Доханың Иранмен диалогты қолдаушы басты тараптардың бірі болып қала беретінін атап өтті және екі тарапты да мәселелерді бейбіт жолмен шешуге шақыра береді.
Бұған дейін Израиль Иранға зымыран соққыларын жасағаны хабарланған. Сол жауап ретінде Иран аймақтағы америкалық нысандарға шабуыл жасады.