Қатарда елшілік казақстандық еріктілердің эвакуациялық шараларға қосқан үлесін атап өтті

29.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында ҚР Қатардағы Елшісі Арман Исағалиев еріктілердің жоғары жауапкершілігі мен қиын жағдайларда үйлесімді әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.

Елші өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу» деген сөздерін келтіріп, бұл қағидаттардың аталған жағдайда толық көрініс тапқанын жеткізді.

Сонымен қатар, еріктілердің қызметі шынайы патриотизм мен азаматтық бірліктің жарқын үлгісі екені айтылды.

Қиын әрі қауіпті кезеңге қарамастан, қазақстандық еріктілер Елшілікпен бірге үйлесімді түрде ұйымшылдық, батылдық пен жанашырлық танытып, Қазақстан азаматтарына, оның ішінде балаларға, әйелдерге және мүгедектігі бар тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетті.

Жалпы, Катардағы қазақстандық еріктілер эвакуацияның барлық кезеңдері барысында Елшіліктің ұйымдастыру жұмыстарына елеулі үлес қосты.

Осыған дейін еріктілердің еңбегі мемлекеттік қызметке орналасу барысында ескерілетіні туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью