Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Негізгі іс-шаралар Дарб әл-Сағи мәдени-тарихи орталығында өтті. Мұнда сәнді-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық әрі заманауи дизайнерлік жұмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің экспозициясы ұсынылды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіБағдарлама барысында ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлері көрсетілді. Оның ішінде шетелдік көрермен садақ ату, құсбегілік және қазақтың тазы тұқымды иттерімен аңшылық өнерімен, көшпелі өркениет мәдениетімен тереңірек танысты.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіКөпшіліктің көңілінен шыққан мәдени іс-шаралардың бірі отандық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерт болды. Атап айтсақ, «Mezzo» вокалдық тобы мен «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі әлемдік классика мен ұлттық музыкалық мұраны үйлестіріп, ерекше туындылар ұсынды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіҚатардағы Қазақстан мәдениет күндерінің ұйымдастырылуы екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтып, отандық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етті. Алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күндерін өткізу жоспарланған.