Қатарластары ұрған: Таразда оқушы жансақтау бөліміне түсті

12.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Таразда оқушыны қатарластары аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға туралы оқушының анасы әлеуметтік желіде жазды.

№51 мектептің 9-сынып оқушысын көшеде жеті қыз аяусыз ұрып-соққан. Анасының айтуынша, соққы жеген қыз екі күн жансақтау бөлімінде жатқан.

"Оқиғаның бейнежазбалары болғанына қарамастан, күдіктілер әлі де бостандықта жүр", - дейді оқушының анасы.

Оқушыға жәбір көрсеткендер полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

"Олардың ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды", - дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью