Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Әлеуметтік желілерде Балқаш көлінің жағасында демалушылар қалдырған қоқыстың көптігіне шағымданған қазақстандықтың жазбасы қызу талқыланып жатыр. Әкімдік бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мереке күндері қанша тонна қалдық шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.
"Демалушылардың жартысы қоқысты тастап кете салған"
Threads-тегі жазбада әйел демалысқа Астанадан келгенін және Балқаштың сұлулығына тәнті болғанын айтты. Алайда, оның сөзінше, кейбір демалушылардың әрекеті көңіл күйін түсірген.
"Шыны керек, табиғат аясында өздерінен кейін қоқыс қалдырып кететін адамдар әлі де бар деп ойламаппын. Демалушылардың жартысы пакеттерді, бөтелкелерді және тағы басқаларын қалдырып, ластап кетіп қалған! Қарбыз қабықтарын айтпай-ақ қояйын, оларды көру жағымсыз болғанымен, олар шіриді, ал пластик шірімейді ғой. Табиғатқа деген мұндай тұтынушылық көзқарасқа қатты қапа болдым. Артымызда не қалатынын ойлайықшы!" – деп жазды ол.
Фото: әлеуметтік желідегі жазба авторынікі
Пікір қалдырған көптеген қолданушы мұндай мәселемен жиі бетпе-бет келетіндерін айтып, табиғатты ластағаны үшін жазаны қатайтуға шақырды.
Демалыс күндері Балқаштан қанша тонна қоқыс шығарылдыБалқаш әкімдігі қала аумағындағы, сондай-ақ Шұбартүбек және Тораңғалық кенттері маңындағы жағажайларды күтіп ұстаумен демалыс аймақтарына қызмет көрсететін ұйымдар айналысатынын түсіндірді. Сонымен қатар әкімдіктің баспасөз қызметі танымал демалыс орындары тек мұнда емес, көлдің оңтүстік жағалауында да бар екенін атап өтті.
Әкімдік мәліметінше, тек 4-6 шілде аралығында демалыс аймақтарының аумағынан 200 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылған.
Бұдан бөлек, баспасөз қызметі полиция мен азаматтық қорғау органдарының қатысуымен тұрақты негізде бірлескен рейдтер жүргізіліп тұратынын хабарлады. Абаттандыру ережелерін бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бұл баптың санкциясы бойынша келесі айыппұлдар қарастырылған:
жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК (2026 жылға 86 500 теңге); шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 АЕК (2026 жылға 129 750 теңге); орта бизнес үшін – 40 АЕК (2026 жылға 173 000 теңге); ірі бизнес үшін – 100 АЕК (2026 жылға 432 500 теңге).Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл көлемі артады.
Әкімдік егер жарияланым жағалаудың нақты бір учаскесіне қатысты болса, авторға нақты геолокацияны ұсыну немесе түсірілім орнын көрсету ұсынылатынын мәлімдеді. Ақпарат расталған жағдайда жауапты қызметтер аумақты жинауды ұйымдастырып, оны тазарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу