ҚАТЗУ да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды

01.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

30 сәуір күні С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Михаил Давидович Спектордың есімі берілген аудитория салтанатты түрде ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Михаил Давидович Спектор – экономика ғылымдарының докторы, профессор, аграрлық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым. Ол жерге орналастыру, ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды жоспарлау салаларында іргелі ғылыми еңбектердің авторы ретінде ғылыми мектеп қалыптастырып, жоғары білікті мамандар даярлауға зор үлес қосты.

Іс-шараға Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Маратұлы Тіреуов, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ғалымның қызы Ирина Спектор мен талай жылдар білім және ғылым саласында бірге еңбек еткен әріптестері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Салтанатты жиынға қатысушылар Михаил Давидовичтің отандық экономикалық ғылымның дамуына, жоғары білім беру жүйесіне және жоғары білікті кадрлар даярлауға қосқан орасан зор үлесін ерекше атап өтті.

Жаңа аудитория Жер ресурстарын басқару және архитектура институтында орналасқан. Бұл орын болашақ мамандар үшін маңызды білім беру кеңістігіне айналады. Атаулы аудиторияның ашылуы Михаил Давидович Спектордың ғылыми мұрасына, көпжылдық еңбегіне және университеттің дамуына қосқан үлесіне деген құрметтің белгісі болды.

Мұндай білім беру кеңістіктерін құру тарихи жадыны сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және академиялық дәстүрлерді дамытуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» перспективті зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды

Оқиға • Бүгін, 12:21

Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

Қоғам • Бүгін, 11:54

Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды

Футбол • Бүгін, 11:15

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Қоғам • Бүгін, 10:55

Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды

Елорда • Бүгін, 10:26

32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:23

Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:02

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

Ауа райы • Кеше

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды

Қоғам • Кеше

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

Қоғам • Кеше

Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды

Өшпес даңқ • Кеше

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады

Экология • Кеше

Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді

Оқиға • Кеше

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі

Қаржы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью